Алынды: 23.12.2024/Қабылданды: 03.12.2024/ Онлайн жарияланды: 30.12.2024
УДК 613.6:616-051:37.016
DOI: 10.70113/1815-9443.2025.10.94.001
А.К. Текманова, Э.И. Кусайынова
С. Д. Асфендияров атындағы «Қазақ Ұлттық медицина университеті» КЕАҚ
Алматы қ., Қазақстан
КӘСІБИ ЖҮКТЕМЕЛЕР МЕН ЖҰМЫС ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ТІС ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА
ӘСЕРІН ТАЛДАУ
Зерттеудің мақсаты. Балалар тіс дәрігерлерінің денсаулығына әсер ететін қауіп факторларын, жұмыс
жағдайларын талдау.
Материалдар мен әдістер: Зерттеу барысында балалар тіс дәрігерлерінің денсаулығына әсер ететін
кәсіби тәуекел факторлары мен стресс деңгейін және еңбек жағдайлары мен жұмыс орындарын
бағалауды жәнеде өндірістік орта факторларының жеке денсаулық жағдайына әсерін социологиялық
зерттеу арқылы талдау жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері: жүргізілген зерттеу негізінде балалар тіс дәрігерлерінің кәсіби қызметі жұмыс
барысында ыңғайсыз жұмыс жағдайларындағы (эргономикалық) жүктемелері, эмоционалдық стресс
және қолайсыз өндірістік жағдайлар сияқты жағымсыз факторлардың жоғары әсер етуімен байланысты
екендігі анықталды. Негізгі тәуекелдер ұзақ статикалық жүктемемен, ыңғайсыз жұмыс жағдайымен
және қарқынды эмоционалды шиеленіспен байланысты. Нәтижелер көрсеткендей, мамандардың 67%-
ы қажуға ұшырайды. Ал 54% — ы мойын-иық аймағында созылмалы ауырсынуды сезінеді. Мемлекеттік
мекемелердің дәрігерлерінде қажу және функционалдық бұзылулар көріністерінің жиілігі едәуір
жоғары. Бұл жұмыс үрдістерін оңтайландыруды және оның алдын алу шараларын енгізуді талап етеді.
Қорыта келе бұл мәселе бойынша кәсіби тәуекелдерді азайтуға және медицина қызметкерлерінің
денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыс орындарының ыңғайсыз жұмыс жағдайын
(эргономикалық) оңтайландыруды, тіс дәрігерлерінің денесінің функционалдық жағдайы мен оларды
психологиялық қолдауды және мониторингті қамтитын кешенді алдын алу бағдарламасын әзірлеу
қажеттігін атап көрсетеді.
Түйінді сөздер: гигиеналық сипаттама, психоэмоционалды күй,қажу, ыңғайсыз жұмыс жағдайы,жұмыс
жүктемесі.
