ДИСТАЛЬДІ ТІСТЕМДІ ЕМДЕУДЕ ТВИН-БЛОК АППАРАТЫНЫҢ ДЕНЕ ҚАЛПЫНА ӘСЕР ЕТУ ЕРЕКШЕЛІГІ

ДИСТАЛЬДІ ТІСТЕМДІ ЕМДЕУДЕ ТВИН-БЛОК АППАРАТЫНЫҢ
ДЕНЕ ҚАЛПЫНА ӘСЕР ЕТУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Құбаш Айғаным Өмірзаққызы, Анапияева Айгерим Габитовна,
Досбердиева Гульбану Турмахановна
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті,
Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Кіріспе:
Энгельдің II класс тістем ауытқуы – ортодонтиялық тәжірибеде жиі кездесетін патология. Соңғы
жылдары жақтар мен дене қалпының өзара байланысы, сондай-ақ емдеу әсерінің тыныс алу және
омыртқа параметрлеріне әсері зерттелуде.
Әдістер:
10–15 жас аралығындағы 23 науқас зерттелді. Барлық науқастар 10–14 ай бойы Твин-блок
аппаратымен емделді. Цефалометриялық және ортопедиялық өлшемдер емге дейін және кейін
салыстырылды.
Нәтижелер:
SNB және Ar-B көрсеткіштері артты, ANB бұрышы төмендеді, бет биіктігі ұлғайды. Мұрынжұтқыншақ жолдарының кеңеюі байқалды. Кифоз, лордоз және краниоцервикальды бұрыш
төмендеді.
Қорытынды:
Твин-блок аппараты II класс тістемді түзетуге ғана емес, сонымен қатар дене қалпын және тыныс
алу жолдарының жағдайын жақсартуға оң әсер етеді. Бұл әсер әсіресе өсу кезеңіндегі балаларда
тиімді.
Түйінді сөздер: дистальді тістем, Энгель II класс, Твин-блок, дене қалыпы, цефалометрия,
ортодонтия.

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *