ДИСТАЛЬДІ ТІСТЕМДІ ЕМДЕУДЕ ТВИН-БЛОК АППАРАТЫНЫҢ ДЕНЕ ҚАЛПЫНА ӘСЕР ЕТУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Редакцияға түскен күні: 2025 жылғы 1 мамыр
Қабылданған күні: 2025 жылғы 27 мамыр
Онлайн жарияланған күні: 2025 жылғы 25 маусым
УДК: 616.314-089.23/.724
DOI: 10.70113/1815-9443.2025.64.99.005

 

ДИСТАЛЬДІ ТІСТЕМДІ ЕМДЕУДЕ ТВИН-БЛОК АППАРАТЫНЫҢ
ДЕНЕ ҚАЛПЫНА ӘСЕР ЕТУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Құбаш Айғаным Өмірзаққызы, Анапияева Айгерим Габитовна,
Досбердиева Гульбану Турмахановна

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті,
Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Кіріспе: Энгельдің II класс тістем ауытқуы – ортодонтиялық тәжірибеде жиі кездесетін патология. Соңғы жылдары жақтар мен дене қалпының өзара байланысы, сондай-ақ емдеу әсерінің тыныс алу және омыртқа параметрлеріне әсері зерттелуде.
Әдістер: 10–15 жас аралығындағы 23 науқас зерттелді. Барлық науқастар 10–14 ай бойы Твин-блок аппаратымен емделді. Цефалометриялық және ортопедиялық өлшемдер емге дейін және кейін салыстырылды.
Нәтижелер: SNB және Ar-B көрсеткіштері артты, ANB бұрышы төмендеді, бет биіктігі ұлғайды. Мұрынжұтқыншақ жолдарының кеңеюі байқалды. Кифоз, лордоз және краниоцервикальды бұрыш төмендеді.
Қорытынды: Твин-блок аппараты II класс тістемді түзетуге ғана емес, сонымен қатар дене қалпын және тыныс алу жолдарының жағдайын жақсартуға оң әсер етеді. Бұл әсер әсіресе өсу кезеңіндегі балаларда тиімді.
Түйінді сөздер: дистальді тістем, Энгель II класс, Твин-блок, дене қалыпы, цефалометрия,
ортодонтия.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *