Барлық Dentist Kazakhstan журналының редакциясына келіп түсетін қолжазбалар ғылыми жарияланымдардың сапасын қамтамасыз ету және олардың журналдың тақырыптық бағытына сәйкестігін анықтау мақсатында міндетті түрде рецензиялаудан өтеді. Журналдың ғылыми бағыты стоматология, жақ-бет хирургиясы, стоматологиялық имплантология, ортодонтия, терапиялық және ортопедиялық стоматология, профилактикалық стоматология, сондай-ақ медицинаның және биомедицинаның сабақтас салаларын қамтиды.
Рецензиялау кезеңдері
- Алғашқы іріктеу. Үш жұмыс күні ішінде ғылыми редактор немесе ғылыми кеңесші келіп түскен қолжазбаның журналдың тақырыптық бағытына сәйкестігін және ресімдеу талаптарына сәйкес келуін тексереді.
2. Сараптамалық рецензиялау. Қолжазба ғылыми бағалау жүргізу үшін стоматология, жақ-бет хирургиясы және медицинаның сабақтас салалары бойынша тәуелсіз мамандарға жіберіледі. Рецензиялау құпиялылық пен бейтараптық қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
3. Редакциялық алқаның қарауы. Рецензиялау нәтижелері негізінде редакциялық алқа қолжазбаны жариялау, доработкалауға жіберу немесе жариялаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Қажет болған жағдайда қосымша сараптамалық қорытындылар сұратылуы мүмкін.
4. Қорытынды бекіту. Редакциялық-техникалық дайындықтан кейін шығарылым бас редактордың (немесе оның орынбасарларының/ғылыми кеңесшінің) бекітуіне ұсынылады. Жарияланар алдында авторларға мақаланың беттелген нұсқасымен танысу мүмкіндігі беріледі.
Авторларды хабардар ету
Оң шешім.
Қолжазба жариялауға қабылданып, журналдың редакциялық портфеліне енгізіледі. Авторлар жариялану мерзімдері туралы шамамен ақпарат ала алады.
Түзетуді талап етеді.
Мақала рецензенттердің ескертулері негізінде түзетулер енгізу немесе уәжделген жауап беру үшін авторларға қайтарылады. Түзетілген нұсқа қайтадан рецензиялауға жіберіледі.
Бас тарту.
Авторларға рецензенттің пікірлері қоса берілген жариялаудан бас тарту туралы ресми хабарлама жолданады.
Ресімдеу немесе материалдарды ұсыну талаптарына сәйкес келмейтін қолжазбалар жариялауға қабылданбайды. Қайта ұсынылған материалдар редакция тарапынан жаңа қолжазба ретінде қарастырылады.
![]()
