СОЗЫЛМАЛЫ АПИКАЛЬДЫ ПЕРИОДОНТИТ КЕЗІНДЕ ЭНДОДОНТИЯЛЫҚ ЕМДЕУДІ ПЕРСОНАЛИЗАЦИЯЛАУ

Алынды: 17.12.2025
Қабылданды: 24.12.2025
Онлайн жарияланды: 30.12.2025
ӘӨЖ: 616.314.163-08
DOI: 10.70113/1815-9443.2025.46.53.005

 

СОЗЫЛМАЛЫ АПИКАЛЬДЫ ПЕРИОДОНТИТ КЕЗІНДЕ ЭНДОДОНТИЯЛЫҚ ЕМДЕУДІ ПЕРСОНАЛИЗАЦИЯЛАУ

 

Тулегенова И.М.1, Копбаева М.Т.1,  Елубай Н.Е.1

«С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, Алматы, Қазақстан

 

Өзектілігі. Созылмалы апикальды периодонтит (САП) екіншілік адентияның жиі себептерінің бірі болып табылады, ал ем нәтижесі түбір өзектері жүйесін тиімді дезинфекциялауға, әсіресе анатомиясы күрделі жағдайларда, тікелей байланысты.

Мақсаты. САП кезінде эндодонтиялық емдеудің персонализацияланған хаттамасының тиімділігін клиникалық, рентгенологиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша бағалау.

Материалдар мен әдістер. 18 — 60 жастағы САП диагнозы бар 80 пациенттің қатысуымен ашық рандомизацияланған бақыланатын клиникалық зерттеу жүргізілді. Пациенттер негізгі топқа (n=40) және салыстыру тобына (n=40) бөлінді. Негізгі топта Endostar E3 Azure жүйесімен аспаптық өңдеу және 3% натрий гипохлоритімен ультрадыбыстық активацияланған ирригация жүргізілді, финалдық кезеңде 2 минут «Ротокан» препаратымен ирригация орындалды; салыстыру тобында «Ротокан» қолданылмай стандартты хаттама (3% натрий гипохлориті + ультрадыбыстық активация) пайдаланылды. Нәтижелер ретінде 7-күні клиникалық балл, 12 айда КЛКТ негізіндегі ПУОД көрсеткіші және D. Orstavik шкаласы бойынша PAI индексі, сондай-ақ микробиологиялық деректер бағаланды. Маңыздылық деңгейі p<0,05. Нәтижелер. Екі топта да клиникалық жақсару байқалды, алайда негізгі топта симптомдардың төмендеуі айқынырақ болды (1,15±0,04 қарсы 1,43±0,06; p<0,05). 12 айдан кейін ПУОД негізгі топта 96,7±4,00%, салыстыру тобында 89,5±4,10% болды (p<0,05), орташа PAI 1,0±0,08-ге қарсы 1,80±0,07 деңгейіне төмендеді. Микробиологиялық нәтижелер негізгі топта қалдық микробтық контаминацияның төмен екенін көрсетті. Қорытынды. Кеңейтілген ирригация және «Ротоканмен» финалдық өңдеуді қамтитын персонализацияланған эндодонтиялық хаттама стандартты тәсілмен салыстырғанда симптомдардың жылдамырақ басылуына және 12 айдағы рентгенологиялық жазылудың жоғарылауына байланысты болды.

Түйінді сөздер: эндодонтия, созылмалы апикальды периодонтит, түбір өзектері жүйесі, ирригация, натрий гипохлориті, КЛКТ, PAI.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *