Авторларға нұсқаулық

Қамтылу саласы және этикалық нормалар

«Dentistry Kazakhstan» журналы журналдың тақырыптық бағыты мен ғылыми сапа стандарттарына сәйкес келетін, бұрын еш жерде жарияланбаған қолжазбаларды ғана қабылдайды.
Жіберілетін материалдар өзекті, әдіснамалық тұрғыдан негізделген және құрылымы айқын болуы тиіс.

Журнал халықаралық жарияланым этикасы стандарттарын (мысалы, ICMJE, COPE) және ұлттық заңнаманы ұстанады.
Барлық қолжазбалар плагиатқа, қайталама жарияланымдарға (оның ішінде өзіндік цитатаға) және мәтінді қайта пайдалануға тексеріледі.
Басқа басылымдарда мақаланы қайта жариялауға рұқсат етілмейді.
Этикалық нормаларды бұзу анықталған жағдайда қолжазба қабылданбайды, ал жарияланған мақала деректер базаларынан алынып тасталады және авторларға қатысты шектеу шаралары (қара тізімге енгізу және т.б.) қолданылады.
Авторлар барлық дереккөздерді нақты көрсетуге және кез келген түрдегі этикаға жат дәйексөзден аулақ болуға міндетті.

Қолжазба тапсыру тәртібі

Қолжазбалар тек журналдың ресми сайты арқылы электронды форматта қабылданады.
Жібермес бұрын авторлар нұсқаулықтағы талаптармен және мақаланың форматымен мұқият танысуы тиіс.

Қабылданатын тілдер: қазақ, орыс, ағылшын.
Ұсынылатын көлем: негізгі мәтін үшін 1500–5000 сөз (аннотацияны, авторлар туралы мәліметті және әдебиеттер тізімін есептемегенде).

Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар (оның ішінде магистранттар мен ізденушілер) қолжазбаның ғылыми талаптарға сәйкестігін растайтын сканерленген ұсыным хат/пікір ұсынуы қажет.

Қолжазбаның метадеректері

(қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)

Әрбір қолжазбада келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:

  • УДК (әмбебап ондық классификация);

  • Авторлардың толық аты-жөні: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

  • Ғылыми дәрежесі, атағы және құрметті атағы (бар болса);

  • Қызметі мен жұмыс орны (кафедра, ұйым);

  • Қала және ел атауы;

  • Байланыс ақпараты: электрондық пошта және телефон (редакциямен байланыс үшін);

  • Әр автордың ORCID нөмірі (бар болса; тіркелу үшін http://orcid.org);

  • Мақала атауы;

  • Аннотация (200–350 сөз);

  • Түйінді сөздер (5–10).

Әдебиеттер тізімі

Мақала соңында міндетті түрде әдебиеттер тізімі беріледі.
Қазақ және орыс тіліндегі дереккөздер транслитерациямен және (мүмкін болса) ағылшын тіліне аударылған атауларымен ұсынылуы тиіс.

Мақала құрылымы (IMRAD үлгісі)

Оригиналды ғылыми мақалалар келесі құрылым бойынша жазылады:

  • Тақырып

  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аннотация

  • Кіріспе

  • Әдістер

  • Нәтижелер

  • Талқылау

  • Қорытынды

  • Әдебиеттер тізімі

Тақырып

Қысқа, нақты және мазмұнды болуы тиіс.
Аббревиатураларды, жаргонды және екіұшты сөздерді қолданбау ұсынылады.
Ұзындығы: 7–10 сөз аралығында.

Аннотация

Аннотация құрылымды және қисынды болуы қажет, онда:

  • зерттеудің мақсаты мен міндеттері көрсетіледі;

  • әдістер қысқаша сипатталады;

  • негізгі нәтижелер беріледі;

  • алынған мәліметтердің маңызы түсіндіріледі.

Жиі кездесетін қателер: шамадан тыс жаргон, байланыссыз сөйлемдер, артық көлем және мақала мазмұнымен расталмаған тұжырымдар.

Кіріспе

Кіріспеде зерттеудің өзектілігі негізделіп, тақырып бойынша бұрынғы ғылыми еңбектерге талдау жасалады.
Бар білімдегі олқылықтар анықталып, зерттеу қажеттілігі дәйектелуі тиіс.
Мақсат, міндет, гипотеза және зерттеу жаңалығы айқын көрсетіледі.

Әдістер

Зерттеуді қайталап жүргізуге мүмкіндік беретіндей толық ақпарат ұсынылуы қажет:
зерттеу дизайны, жағдайлар, қатысушылар, араласулар/әсер ету, салыстырулар, нәтижелер, дереккөздер, құралдар және статистикалық әдістер сипатталады.

Нәтижелер

Нәтижелер анық және объективті түрде беріледі.
Қажет болған жағдайда кестелер мен суреттер пайдаланылады, ал деректер жиынтығына сілтеме жасалады.

Талқылау

Нәтижелер бұрынғы зерттеулермен салыстырыла отырып түсіндіріледі.
Мақалада зерттеудің күшті және әлсіз жақтары, практикалық және ғылыми маңызы, сондай-ақ болашақ зерттеу бағыттары талданады.

Қорытынды

Зерттеу мақсаттары мен гипотезаларының орындалуы, ғылыми және тәжірибелік үлесі мен болашақ зерттеулерге әсері қысқаша түйінделеді.

Аннотациялар және түйінді сөздер

Аннотациялар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы тиіс (200–350 сөз).
Түйінді сөздер (5–10) нақты, мазмұнды және мақала тақырыбына сай болуы қажет.

Пішімдеу талаптары

  • Қаріп: Times New Roman

  • Көлемі / аралық: негізгі мәтін – 14 пт, ескертпелер – 10 пт, жоларалық интервал – 1,5, мәтін ені бойынша тураланады

  • Абзац шегінісі: 1,25 см

  • Кестелер мен суреттер: реттік нөмірмен, тақырып және дереккөз көрсетіледі (мысалы: Кесте 2, Сурет 4)

  • Суреттер мен графика: JPG форматында, ажыратымдылығы кемінде 250 dpi; векторлық графика үшін PDF рұқсат етіледі; сканерленген суреттер қабылданбайды.

  • Қысқартулар: мәтінде алғаш рет қолданылған кезде толық нұсқасы берілуі тиіс.

Әдебиеттер тізімі (Vancouver стилі)

Дәйексөз беру реті бойынша нөмірленеді.
Мәтінде [1], [2], [3–5] түрінде көрсетіледі.
DOI нөмірі болса, міндетті түрде көрсетіледі.

Мысал:
Marx W. Tracking historical papers and their citations. European Science Editing. 2012;38(2):35–37.

Рецензиялау және редакциялық процесс

Барлық қолжазбалар қос соқыр рецензиялау жүйесі арқылы тексеріледі.

Жұмыс кезеңдері:

  • Редакциялық тексеру (3 күн): тақырыпқа сәйкестік, этика және пішім талаптары;

  • Сыртқы рецензиялау: тәуелсіз сарапшылар тарапынан, құпия және тегін негізде (мерзімі – 1 айға дейін);

  • Шешім:

    • жариялауға қабылданған;

    • доработка қажет;

    • қабылданбаған.

Зерттеу этикасы және келісім

Авторлар адамдар мен жануарлар қатысқан зерттеулерде этикалық стандарттарды сақтау, этикалық комитеттің мақұлдауы мен қатысушылардың ақпараттандырылған келісімін көрсетуге міндетті.

Деректердің қолжетімділігі және ашықтығы

Мүмкін болған жағдайда авторлар зерттеу деректерінің қолжетімділігін, репозиторий сілтемелерін және пайдалану шарттарын көрсетуі тиіс.

Құпиялылық және жеке деректер

Жеке деректерді ұсына отырып, авторлар оларды өңдеуге және сақтауға келісім береді.
Мәліметтер редакциялық және жариялау мақсаттарында ғана, журналдың құпиялылық саясаты мен заңнамаға сәйкес пайдаланылады.

Loading