ОРТОДОНТИЯЛЫҚ ЕМ БАРЫСЫНДА ПАРОДОНТ ПАТОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ

Алынды: 17.12.2025
Қабылданды: 23.12.2025
Онлайн жарияланды: 30.12.2025
ӘӨЖ 616.314.18-002.4-089.23
DOI: 10.70113/1815-9443.2025.50.99.001

 

ОРТОДОНТИЯЛЫҚ ЕМ БАРЫСЫНДА ПАРОДОНТ ПАТОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ

 

Досбердиева Г.Т., Кульманбетов Р.И.

«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ,

Алматы қ., Қазақстан

 

Кіріспе: Пародонт аурулары кең таралған және стоматологиядағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Брекет жүйелерін қолдана отырып, ортодонтиялық ем қабылдайтын науқастар санының өсуі ауыз қуысының гигиенасын сақтау қиындықтарына, науқастардың жеткілікті ақпараттандырылмауына және жүйелі бақылаудың болмауына байланысты пародонт аурулары қаупінің артуына әкеледі. Бұл ортодонтиялық ем кезінде пародонт ауруларының қауіп факторларын зерттеуді ерекше өзекті етеді.

Мақсаты: брекет-жүйелерді пайдалана отырып, тіс-жақ ауытқуларын ортодонтиялық емдейтін науқастарда пародонт ауруларының пайда болу және даму қаупі факторларын анықтау болып табылады.

Материалдар мен әдістер. Аталған зерттеу С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ортодонтия және терапиялық стоматология кафедраларында 15-38 жас аралығындағы 54 пациенттің проспективті бақыланатын тексеруімен жүргізілді. Пациенттерді тексеру биоэтика қағидаларына сәйкес және ДДҰ Хельсинки Декларациясының ресімделген хаттама қағидаттарына сәйкес жүргізілді. Зерттелушілер ерікті ақпараттандырылған келісім тұжырымдамасына сәйкес барлық зерттеудің мақсаттары мен міндеттері туралы хабардар болды.

Зерттеу нәтижелері брекет жүйесі қолданылған науқастарда пародонт қабынуының жоғары таралғанын көрсетті: пациенттердің 74,1%-ында патологиялық өзгерістер, оның ішінде созылмалы катаральды (67,5%) және гипертрофиялық гингивит (32,5%) анықталды. Қауіп факторлары ретінде ауыз қуысы гигиенасының жеткіліксіздігі, тістердің тығыз орналасуы, тістем бұзылыстары, зиянды әдеттер (27,7% — темекі/вейпинг), дұрыс емес тамақтану (51,9%), қатар жүретін соматикалық аурулар (35,2%) тіркелді. Брекет жүйелері гигиена сапасын төмендетіп, микробтық биопленканың жиналуына ықпал етті. Науқастардың тек жартысына жуығы қосымша гигиеналық құралдар қолданды, ал кәсіби гигиена қажеттілігі туралы 55,5% ғана хабардар болды.

Түйінді  сөздер: пародонт қабынуы, брекет жүйелері, ортодонтиялық ем, ауыз қуысы гигиенасы.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *