Журнал туралы

«Dentistry Kazakhstan» рецензияланатын ғылыми-тәжірибелік журналы – Қазақстан мен Орталық Азиядағы стоматология саласындағы ең көне ғылыми басылымдардың бірі.

Журнал 2005 жылы Қазақстан стоматологиялық қауымдастығының бастамасымен құрылған.

«Dentistry Kazakhstan» ғылыми журналының мақсаты – стоматологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу әдістерін жетілдіру жөніндегі заманауи білім мен клиникалық тәжірибені тарату арқылы стоматология саласындағы мамандардың ғылыми және тәжірибелік біліктілігін арттыру.

Журналдың міндеттері:

  • авторлар, редакторлар және кәсіби қауымдастық үшін ақпараттық қажеттілікті қамтамасыз ету;

  • жарияланатын материалдардың шынайылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету;

  • стоматологтардың назарын жақ-бет аймағы ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи, тиімді және ғылыми негізделген әдістеріне аудару;

  • медицина саласының мамандары арасында клиникалық тәжірибе алмасуға ықпал ету;

  • пәнаралық зерттеулердің нәтижелерін жариялау;

  • стоматология саласындағы іргелі ғылым мен қолданбалы зерттеулердің өзара ықпалдастығын күшейту;

  • ғалымдардың халықаралық ғылыми қоғамдастықпен интеграциясын дамыту.

Журнал беттерінде стоматология және қоғамдық денсаулық сақтау салаларының кең ауқымды мәселелерін қамтитын материалдар жарияланады.

Барлық жарияланымдар саладағы жетекші отандық және шетелдік мамандардың міндетті рецензиясынан өтеді.

Журналдың негізгі бөлімдері:

  • Балалар стоматологиясы

  • Терапиялық стоматология

  • Хирургиялық стоматология

  • Ортопедиялық стоматология

  • Ортодонтия

  • Жақ-бет хирургиясы

  • Стоматологиядағы онкология

  • Имплантология

  • Эстетикалық стоматология

  • Периодонтология

  • Гигиена және профилактика

  • Ғылыми зерттеулер

  • Тәжірибелік дәрігерге көмек

  • Денсаулық сақтауды ұйымдастыру

  • Шолулар

Жариялану жиілігі – жылына 4 рет.

Loading