1. Журнал туралы жалпы мәліметтер
«Dentistry Kazakhstan» ғылыми-тәжірибелік журналы – стоматология мен оған қатысты медициналық ғылымдардың түрлі бағыттары бойынша түпнұсқа зерттеулерді, шолуларды, клиникалық бақылауларды, қысқаша хабарламаларды, редакциялық мақалаларды және сараптамалық пікірлерді жариялайтын ашық қолжетімді, рецензияланатын халықаралық басылым.
Жариялану жиілігі: жылына 4 рет (тоқсанына бір рет)
Жариялау тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
ISSN: 1815-9443
eISSN: 3080-017X
Құрылтайшысы және баспагері: Қазақстан стоматологиялық қауымдастығы
Веб-сайт: https://dentistrykazakhstan.kz
2. Тақырыптық бағыты
Журнал келесі бағыттар бойынша ғылыми еңбектерді жариялайды:
-
Балалар стоматологиясы
-
Терапиялық стоматология
-
Хирургиялық стоматология
-
Ортопедиялық стоматология
-
Ортодонтия
-
Жақ-бет хирургиясы
-
Стоматологиядағы онкология
-
Имплантология
-
Эстетикалық стоматология
-
Периодонтология
-
Пародонтология және эндодонтия
-
Қоғамдық стоматологиялық денсаулық және эпидемиология
-
Гигиена және профилактика
-
Ғылыми зерттеулер
-
Тәжірибелік дәрігерге көмек
-
Денсаулық сақтауды ұйымдастыру
-
Шолулар
-
Медициналық білім беру және стоматологтардың кәсіби даярлығы
3. Журналдың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: стоматологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу әдістерін жетілдіру бойынша заманауи ғылыми және клиникалық білімді тарата отырып, мамандардың ғылыми және тәжірибелік біліктілігін арттыру.
Міндеттері:
-
Стоматологиялық ғылым мен тәжірибенің дамуына ықпал ету;
-
Ғылыми жарияланымдар белсенділігін арттыру;
-
Ғылыми пікір алмасу алаңын қалыптастыру;
-
Зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейге шығару;
-
Пәнаралық және қолданбалы зерттеулерді қолдау.
4. Ашық қолжетімділік саясаты
«DentistKazakhstan» журналы Budapest Open Access Initiative (BOAI) қағидаттарына сәйкес толық ашық қолжетімділік саясатын ұстанады.
Журналда жарияланған барлық мақалалар ашық қолжетімділік режимінде жарияланып, оқырмандарға жарияланған сәттен бастап жазылусыз және қолжетімділікке ешқандай шектеусіз ұсынылады.
Пайдаланушылар материалдарды оқуға, жүктеп алуға, көшіруге, таратуға және пайдалануға құқылы, бірақ бұл ретте авторды және жарияланған дереккөзді міндетті түрде көрсету қажет.
5. Лицензиялық саясат
«DentistKazakhstan» ғылыми-практикалық журналында жарияланған барлық мақалалар Creative Commons Attribution 4.0 International (CC BY 4.0) лицензиясының шарттарына сәйкес таратылады.
Аталған лицензия материалдарды кез келген форматта еркін оқуға, жүктеп алуға, көшіруге, таратуға, дәйексөз келтіруге және бейімдеуге мүмкіндік береді, алайда авторы мен жарияланған дереккөз міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Авторлар өз жұмыстарына авторлық құқықты сақтайды және журналға оны алғаш рет жариялау құқығын береді.
Лицензияның толық мәтіні мына сілтеме бойынша қолжетімді:
https://creativecommons.org/licenses/by/4.0/
6. Рецензиялау процесі
Журналда қос соқыр рецензиялау жүйесі қолданылады:
-
Тәуелсіз сарапшылар жүргізеді;
-
Процесс құпия түрде өтеді;
-
Анонимді рецензиялар авторларға ұсынылады;
-
Рецензиялау мерзімі – 8 аптаға дейін.
7. Бірегейлік және антиплагиат
Барлық қолжазбалар плагиатқа тексеріледі (Antiplagiat).
-
Рұқсат етілген дәйексөз деңгейі – 20%-ға дейін;
-
Мәтіннің бірегейлігі – кемінде 80%.
8. ORCID және аффиляция
Авторлар міндетті түрде көрсетеді:
-
ORCID идентификаторын;
-
Дұрыс аффиляциясын (мекеме атауы);
-
Зерттеуге қосқан үлесін (CRediT taxonomy бойынша);
-
Қаржыландыру көздерін.
Мәліметтер CrossRef, ORCID және басқа деректер базалары арқылы тексеріледі.
9. Жарияланым этикасы қағидаттары
Журнал COPE кодексін, Хельсинки декларациясын, ARRIVE нұсқаулығын және ҚР заңнамасын сақтайды.
-
Ақпараттандырылған келісім;
-
Этика комитетінің мақұлдауы;
-
Қаржыландыру және мүдделер қақтығысы туралы ашық ақпарат.
10. Мүдделер қақтығысы
Авторлар, рецензенттер және редакторлар барлық әлеуетті мүдделер қақтығысын ашып көрсетуге міндетті және ICMJE Disclosure Form үлгісін пайдаланады.
11. Препринттер мен постпринттер саясаты
Препринттерді (мысалы, medRxiv, OSF) жариялауға рұқсат етіледі.
Постпринттер — журнал сайтына міндетті сілтемемен орналастырылады.
12. Шағымдар мен апелляциялар беру тәртібі
Шағымдар COPE қағидаларына сәйкес қаралады.
Қарау мерзімі — 30 жұмыс күніне дейін.
Байланыс: info@dentistrykazakhstan.kz
13. Құпиялылық саясаты
Барлық материалдар мен хат алмасу құпия болып табылады.
Жеке деректер ҚР заңнамасы мен GDPR талаптарына сәйкес қорғалады.
14. Баспагерлік этика
Баспагер редакцияның тәуелсіздігін, авторлық құқықтардың қорғалуын, шешім қабылдау ашықтығын және жарияланған материалдардың архивтелуін қамтамасыз етеді.
![]()
