«Dentistry Kazakhstan» журналына келіп түскен барлық қолжазбалар міндетті түрде рецензиялаудан өтеді.
Бұл рәсімнің мақсаты – жарияланымдардың ғылыми сапасын қамтамасыз ету және журналдың тақырыптық бағытына сәйкестігін бағалау.
Рецензиялау кезеңдері
1. Алғашқы іріктеу.
Үш жұмыс күні ішінде ғылыми кеңесші түскен қолжазбаны журналдың бағыты мен ресімдеу талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді.
2. Сараптамалық рецензиялау.
Тәуелсіз мамандар стоматология және оған қатысты медициналық бағыттар бойынша қолжазбаны бағалайды.
Рецензиялау үдерісі ерікті түрде, құпия және бейтарап сипатта жүргізіледі.
3. Редакциялық алқада қарау.
Редакциялық алқа екі айда бір рет жиналып, жариялануға ұсынылатын мақалалардың соңғы тізімін бекітеді.
Қажет болған жағдайда қосымша сараптамалық қорытындылар сұратылуы мүмкін.
4. Қорытынды бекіту.
Техникалық дайындықтан кейін журнал нөмірін бас редактор (немесе оның орынбасары, не ғылыми кеңесші) бекітеді.
Авторларға мақаланың беттелген нұсқасымен танысу мүмкіндігі беріледі.
Авторларды хабардар ету
Оң шешім.
Қолжазба жариялану кезегіне енгізіледі; авторлар мақаланың шамамен шығу мерзімі туралы ақпарат ала алады.
Доработу қажет.
Мақала авторларға түзетулер енгізу немесе түсіндірме жауап беру үшін қайтарылады.
Доработудан кейін қолжазба қайтадан рецензиялауға жіберіледі.
Бас тарту.
Авторлар рецензенттің пікірлерімен және басылымнан бас тарту туралы ресми хабарламамен таныстырылады.
![]()
