MSE АППАРАТЫ АРҚЫЛЫ ЖАҚТЫ КЕҢЕЙТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Редакцияға түскен күні: 2025 жылғы 19 мамыр
Қабылданған күні: 2025 жылғы 10 маусым
Онлайн жарияланған күні: 2025 жылғы 25 маусым
УДК: 616.314-089.843
DOI: 10.70113/1815-9443.2025.73.59.004

MSE АППАРАТЫ АРҚЫЛЫ ЖАҚТЫ КЕҢЕЙТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Тебенова Гульмира Мухамедиевна, Әмір Аружан Нұрланқызы

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан

Кіріспе: Жоғарғы жақтың тарылуы жасөспірімдер мен ересектерде жиі кездесетін
ортодонтиялық мәселе болып табылады.
Мақсат: MSE аппараты арқылы скелеттік кеңейтудің тиімділігін және дәстүрлі әдістермен
салыстыруды бағалау.
Материалдар мен әдістер: Зерттеуге 15–30 жас аралығындағы 30 пациент қатысты. Емдеу
алдында және кейін CBCT, фотометриялық және клиникалық талдаулар жүргізілді.
Нәтижелер: Жоғарғы жақ ені орта есеппен 4,8 мм-ге ұлғайды. Симметриялық таңдай жігінің
ашылуы 83%-да байқалды. Жанама әсерлер минималды болды.
Қорытынды: MSE аппараты ересектерде тиімді әрі қауіпсіз әдіс ретінде ұсынылады және
хирургиялық араласуды болдырмауға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: жоғарғы жақ, MSE, скелеттік кеңейту, ортодонтия, мини-импланттар

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *