MSE АППАРАТЫ АРҚЫЛЫ ЖАҚТЫ КЕҢЕЙТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тебенова Гульмира Мухамедиевна, Әмір Аружан Нұрланқызы
С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан
Кіріспе: Жоғарғы жақтың тарылуы жасөспірімдер мен ересектерде жиі кездесетін
ортодонтиялық мәселе болып табылады.
Мақсат: MSE аппараты арқылы скелеттік кеңейтудің тиімділігін және дәстүрлі әдістермен
салыстыруды бағалау.
Материалдар мен әдістер: Зерттеуге 15–30 жас аралығындағы 30 пациент қатысты. Емдеу
алдында және кейін CBCT, фотометриялық және клиникалық талдаулар жүргізілді.
Нәтижелер: Жоғарғы жақ ені орта есеппен 4,8 мм-ге ұлғайды. Симметриялық таңдай жігінің
ашылуы 83%-да байқалды. Жанама әсерлер минималды болды.
Қорытынды: MSE аппараты ересектерде тиімді әрі қауіпсіз әдіс ретінде ұсынылады және
хирургиялық араласуды болдырмауға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: жоғарғы жақ, MSE, скелеттік кеңейту, ортодонтия, мини-импланттар
