Антиплагиат

«DentistKazakhstan» ғылыми-тәжірибелік журналының редакциясына келіп түскен барлық материалдар мәтіндік сәйкестіктерді анықтау мақсатында «antiplagiat.com» жүйесі арқылы міндетті түрде тексеруден өтеді.

Тексеру қолжазбаны рецензиялауға жібергенге дейін бастапқы редакциялық іріктеу кезеңінде жүргізіледі. Бағалау барысында:

  • мәтіндік сәйкестіктердің жалпы пайызы;

  • алынған үзінділердің сипаты;

  • дәйексөздердің рәсімделу дұрыстығы;

  • өзін-өзі дәйектеу (самоцитирование) деңгейі;

  • орынсыз мәтіндік заимстволар мен компилятивтік сипат белгілері анықталады.

Дереккөз міндетті түрде көрсетілген және академиялық талаптарға сай рәсімделген дәйексөздер ғана қабылданады. Плагиат белгілері, орынсыз мәтіндік заимстволар, деректерді бұрмалау немесе жарияланымдық этика нормаларын бұзу фактілері анықталған жағдайда, қолжазба рецензиялауға жіберілмей кері қайтарылады.

Журнал редакциясы академиялық адалдық қағидаттарын және халықаралық жарияланымдық этика стандарттарын басшылыққа алады.


Тексеру жүйесі: https://antiplagiat.com/

Loading