ЕРЕСЕКТЕРДЕГІ ТІС ҚАТАРЛАРЫ ДЕФОРМАЦИЯЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ БИОМЕТРИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Алынды: 2026 жылғы 11 маусым
Қабылданды: 2026 жылғы 19 маусым
Онлайн жарияланды: 2026 жылғы 30 маусым
ӘОЖ: 616.314-007.2-089.23-053.8
DOI: 10.70113/1815-9443.2026.15.56.004

ЕРЕСЕКТЕРДЕГІ ТІС ҚАТАРЛАРЫ ДЕФОРМАЦИЯЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ БИОМЕТРИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Досбердиева Г.Т., Ойдаш Н.К.

«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ,

Алматы қ., Қазақстан

 

Кіріспе. Ересек пациенттердегі тіс қатарларының деформациялары кешенді диагностикалық тәсілді қажет етеді. Биометриялық өлшемдер тіс-жақ жүйесінің анатомиялық және функционалдық ерекшеліктерін объективті бағалауға мүмкіндік береді; соңғы зерттеулерде бұл көрсеткіштер цифрлық өлшеулер мен сандық 3D-модельдер арқылы тиімді анықталады [1-3].

Мақсаты. Ересек пациенттердегі тіс қатарлары деформацияларын объективті биометриялық көрсеткіштер арқылы сипаттау және олардың ортодонтиялық емді жоспарлаудағы клиникалық маңызын бағалау.

Материалдар мен әдістер. Бір орталықта жүргізілген проспективті сипаттамалық зерттеуге қосу/шығару критерийлеріне сай 10 ересек пациент (18–44 жас) қатысты. Диагностика ғаныштан жасалған және цифрлық 3D-модельдер негізінде жүргізілді; сүйір тістер аралығы, үлкен азу тістер аралығы, тіс доғасының формасы және Bolton коэффициенті анықталды. Өлшеу қателігі Dahlberg формуласымен және кластерішілік корреляция коэффициентімен (ICC) бағаланды.

Нәтижелер. Тар тіс доғаларының жоғары үлесі (narrow tapered ≈50%, narrow ovoid ≈34%) тіркелді. Bolton коэффициенті бойынша алдыңғы диспропорциялар ≈44%, жалпы диспропорциялар ≈25% жағдайда анықталды. Сүйір және үлкен азу тістер аралығының орташа мәндері ер адамдарда жоғары болды. Шектеулі іріктеме көлеміне байланысты нәтижелер сипаттамалық сипатта берілген.

Қорытынды. Биометриялық параметрлер ересектердегі тіс қатарлары деформацияларын диагностикалауда және ортодонтиялық емді дараландыруда пайдалы құрал болып табылады. Қорытындыларды растау үшін бақылау тобы бар, көлемі үлкен зерттеулер қажет [1-3].

Түйінді сөздер: тіс доғасы, биометриялық өлшемдер, Bolton коэффициенті, ортодонтия, ересектер, цифрлық 3D-модель.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *