Алынды: 2026 жылғы 13 маусым
Қабылданды: 2026 жылғы 20 маусым
Онлайн жарияланды: 2026 жылғы 30 маусым
ӘОЖ: 616.314.11
DOI: 10.70113/1815-9443.2026.10.59.005
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМАСЫ
Каркимбаева Г.А. ¹, Рысбаева Ж.И. ¹, Қазмағамбетова А.Қ. ¹,
Әбдікәрімов С.Ж. ¹, Жумабаева К.Ж. ², Омарова Б.А.³
¹»Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ
²Қазақстан-Ресей медициналық университеті
³С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Қазақстан, Алматы
Кіріспе. Балалар арасында стоматологиялық патологияның жиілігі жоғары болып қала береді, әсіресе профилактикалық жұмыстың жеткіліксіздігі және отбасылардың ауыз қуысының гигиенасын сақтауға мотивациясының төмендігі жағдайында.Стоматологиялық патологияларды ерте анықтау және алдын алуға жүйелі көзқарас мектеп жасындағы балалардың стоматологиялық денсаулығын сақтауда манызды рөл атқарады.
Зерттеудің мақсаты. Клиникалық тексеру және ата-аналардың арасында жүргізілген сауалнама негізінде Алматы қаласындағы жекеменшік мектепте оқитын 6–10 жастағы балалардың стоматологиялық мәртебесін бағалау, стоматологиялық аурулардың негізгі түрлерің мен олардың қауіп факторларын анықтау.
Зерттеу материалы мен әдістері. Клиникалық деректерді ескере отырып, Алматы қаласының жекеменшік мектебінде оқитын 6 жастан 10 жасқа дейінгі 150 бала зерттелді: тісжегінің және оның асқынуларының, пародонт ауруларының, тісжегі емес зақымданулардың, тіс-жақ аномалияларының, сондай-ақ ауыз қуысының жұмсақ тіндерінің аномалиялары анықталды. Гигиеналық әдеттер мен стоматологиялық хабардарлықты талдау мақсатында ата-аналардын арасында сауалнама жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау. Тісжегі және оның асқынулары балалардың 93%-ында анықталды, сосын ішінде субкомпенсацияланған түрі басым болды. Пародонт аурулары 55,1% жағдайда анықталды, күреукенің тісжегі емес зақымдануы 6,9%, тіс — жақ аномалиясы 28%, жұмсақ тіндердің аномалиясы балалардың- 14,7%. Сауалнамаға сәйкес, балалардың тек 35,3% -ы стоматолог-дәрігеріне үнемі барады, ал ата-аналардың тек 34% — ы баланың ауыз қуысының гигиенасын бақылайды.
Қорытынды. Алынған нәтижелер мектеп жасындағы балалар арасында стоматологиялық аурулардың жоғары таралғанын және отбасы мен білім беру ұйымдары тарапынан жүргізілетін профилактикалық жұмыстың жеткіліксіздігін көрсетеді. Жүйелі профилактиканы жүзеге асыру , ата-аналар мен балалардың стоматологиялық сауаттылығын арттыру үшін, сондай-ақ патологияларды ерте анықтау мен емдеуде пәнаралық тәсілді қолдануың қажет.
Түйінді сөздер: стоматологиялық жағдай, бастауыш мектеп жасындағы балалар, тісжегі, пародонт аурулары, тісжегі емес зақымданулар, тіс-жақ аномалиялары, ата-аналардың сауалнамасы.
